АймақТеміртау

Теміртауда кезекте тұрған 50 адамға пәтер кілті табысталды

Конституция Күні қарсаңында Теміртауда кезекте тұрған 50 адам баспаналы болды.

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Металлургтер даңғылы, 61 мекен-жайындағы үш кіреберісі бар көпқабатты үйді жергілікті кәсіпорын салған. Барлығы бір, екі және үш бөлмелі 40 пәтер бар. Тұрғын үй жекешелендіру құқығынсыз, жалға беріледі.

Теміртау әкімі Ораз Тәуірбеков жаңа қоныстанушыларды қуанышымен  құттықтады.

–  Кезекте тұрғандарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету біздің басым мақсатымыз болып табылады. Жаңа қоныстанушыларды шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің үйлеріңізде әрқашан жайлылық, жылулық пен өркендеу болсын, – деді ол.

Бибісара Қожаназарова 2010 жылы тарихи отанына оралған. Үш жылдан кейін ол тұрғын үйге кезекке тұрды. 11 жылдан кейін оның баспаналы болу арманы орындалды.

–  Мен Өзбекстаннан Теміртауға келдім. Пәтерге кезекте 11 жыл тұрдым. Мен үшін қос мереке – Конституция күні және қоныс тойы. Мен 70 жастамын, балалармен бірге тұрдым. Енді өз баспанам болады. Үлкен немеремді менімен бірге тұруды өтіндім. Пәтер жақсы, екінші қабатта. Маған бәрі өте ұнайды. Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын және отбасында бейбітшілік тілеймін, – дейді Бибісара Қожаназарова.

Бүгінгі таңда Теміртауда тұрғын үй алуға кезекте 2 372 тұрғын тұр. Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес және көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, бюджет саласының қызметкерлері және т.б. санаттар бар.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button