Жаңалықтар

Теміртауда ұйымдасқан қылмыстың беті ашылды

Облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында облыстың жедел ахуалына кері әсерін тигізіп, құқыққа қарсы жұмыс істеген жастар тобының іс-әрекетіне нүкте қойылды.

Суреттер polisia.kz сайтынан алынды

Жүргізілген кешенді жедел жұмыстар барысында фигуранттардың қылмысқа қатысы бары дәлелденіп, олардың қоғамдық орында жасаған қылмыстары бойынша дәлелдемелер жинақталды.

– Қылмыстық топты ұстау барысында 21 тінту жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде шолақ ұңғылы атыс қаруы, травматикалық тапанша, оқ-дәрілер, есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Полиция бөліміне 21 адам жеткізіліп, оның негізгі деген 8 күдіктісіне қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің бопсалау, бұзақылық және атыс қаруын сақтау баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button