Жаңалықтар

Теміртауда ғимаратты жастар үйі ретінде қайта құру басталды

Теміртауда заманауи коворкинг орталығы бар жастар үйі ашылады. Онда бос уақытты тиімді өткізуге, тақырыптық кездесулердегі өзекті мәселелерді талқылауға, дәріс оқуға немесе тыңдауға, концерт қатысушысы, көрермені болуға мүмкіндік ашылады.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Болашақ жастар үйінің ғимараты Чайковский көшесінде орналасқан. Бұрын ол Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің колледжіне тиесілі болатын. Біраз уақыт ғимарат бос болды.

Нысанды қалпына келтіру үшін құрылымдарға сараптама жүргізілді. Оң қорытынды мен жобалық-сметалық құжаттама дайындалғаннан кейін қайта құру басталды.

– Барлығы бірыңғай орталық туралы арманнан басталды. Жастар үйі деген атау ойлап таптық. Біз үшін бұл үлкен және заманауи коворкинг-орталық болады. Оның бөлмеаралық қабырғаларын өз еркімізбен жоспарладық, супермаркеттегідей жылжымалы есіктері бар. Оған жастардың барлық санаттары, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да бара алады. Ғимаратта концерттер, тақырыптық кештер, дискотекалар өткізу үшін заманауи акт залы жабдықталады. Сондай-ақ жастар залда киносеанстар ұйымдастыра алады. Нысанды қайта құру жобасы екі жылға есептелген. Мердігер компания қазірдің өзінде жұмысқа кірісті,– дейді Теміртау қалалық мәслихатының хатшысы Алексей Ломакин.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button