АймақТеміртау

Теміртауда “Халық заңгері” акциясы өтті

Теміртау қаласының Мәдениет сарайында қалалық әкімдіктің аппараты мен прокуратураның ұйымдастыруымен республикалық “Халық заңгері” акциясы өтіп, оған қалалық әкімдік қызметкерлері, заңгерлер мен адвокаттар , мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл акцияның мақсаты да халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтарға қолжетімді заңгерлік көмек көрсету болатын. Соған орай мұнда келген қала тұрғындары маман заңгерлер мен адвокаттардан білікті кеңес алып, өз құқықтарын бюрократиялық кедергілерсіз, заң жүзінде шешуге болатынына көздері жетіп, алғыстарын айтып жатты.

Акцияны ұйымдастырушылар осындай акцияның тұрғындар арасында қызығушылық тудырып, сұранысқа ие болғанын атап өтіп, ол болашақта да жалғасатынын мәлімдеді.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button