Теміртау қаласында 18-21 қыркүйек аралығында жерлес футболшы, марқұм Виталий Артемовті еске алуға арналған ашық турнир өтуде.

Осы спорттағы алғашқы жолын 17 жасында теміртаулық “Болат” клубында бастап, еліміздің және Украинаның бірқатар командалары сапында доп теуіп, 1999 жылы Нигерияда футболдан жастар арасында өткен чемпионатқа қатысып, 2000 жылы Олимпиадалық іріктеу ойындарында 6 матч өткізген ол туған қаласына оралып, өзінің “Болат” командасының капитаны болған еді.
Бұл турнирде 2016-2017 жылы туған балалардың футбол командалары өзара күш сынасып, олар 7-ден (қақпашыны қоса алғанда) топқа бөлініп, 25 минуттан 2 тайм ойнап, плей-оффқа шығады. Жеңімпаз команданы кубок, ал басқа жүлдегер командаларды, үздік шабуылшы,қорғаушы, қақпашыны медальдар мен дипломдар күтіп тұр.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ