«Шахтер» сенбі күні Теміртауда елордалық «Астананы» қабылдады. Құрыш қаладағы тартыста жерлестеріміз 1:2 есебімен осал түсті.
Матч тізгіні «астаналықтардың» қолында болды десек те, болады. Бірақ, бірінші допты біздің жақ соқты. 63-ші минутта Михаил Габышев есеп ашты. 1:0.
Бұдан кейін елордалықтардың қарқыны тіпті күшейе түсті. Бар күшімен шабуылға ұмтылды. Нәтижесі сол, ойынның соңына таман қарағандылық қорғаушылар осалдық танытты. 88-ші минутта Жуниор Кабананга таразыны теңестірсе (1:1), қосымша уақытта (92-ші минут) Иван Маевский басымдықты еселеді. 1:2.
Сөйтіп, «шахтерліктер» соңғы сәттерде ұпайдан айырылып қалды. Премьер-Лиганың төрт турында жалғыз ұпайға қол жеткізді. Келесі қарсылас – алматылық «Қайрат». Қос клуб 8 сәуірде кездеседі.
Нұрқанат ҚАНАФИН