АймақТеміртау

Теміртауда атыс болды

Сәуірдің 3-нен 4-не қараған түні Теміртау қаласының 27 жастағы тұрғыны оқ жарақатымен орталық ауруханаға түсті. Қазір полицейлер оқиғаға қатысы бар күтіктілерді іздестіруде.

– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Оларды ұстау мақсатында кешенді жұмыстар атқарылуда, – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін атыс Қарағанды облысының Ағадыр кентінде болған. Полиция 28 мен 47 жас аралығындағы төрт күдіктіні ұстады.

Әділет ШОПЕН.

Басқа материалдар

Back to top button