АймақЖаңалықтар
Теміртауда қарт адамды ұрып-соққан жасөспірімдер ұсталды
Теміртау қаласының 67 жастағы тұрғынына жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Желіде тараған видеода жасөспірімдер қарт адамды балағат сөзбен қорлап қана қоймай, бетінен теуіп, денсаулығына зиян тигізгені байқалады.

“Барлық кінәлі тұлғалар, соның ішінде кәмелетке толмағандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері дұрыс тәрбие бермегені үшін жауапқа тартылады. Барлық жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды”, – деді ПД баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.