АймақБас тақырыпБасты тақырыпТеміртау

Теміртауда 6 мыңға жуық үйге табиғи газ жетті

Теміртау қаласында газдандыру жобасы толық аяқталды. Ұзындығы 215 шақырым газ желісі тартылып, инженерлік инфрақұрылым шамамен 6 мың жеке тұрғын үйге дейін жеткізілді. Үш кезеңнен тұратын жоба сегіз іске қосу кешенін қамтыды. Бұл жайлы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Сурет облыс әкімдігінен

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде барлық жеке үй иелерінде газға қосылудың техникалық мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда 2 228 үй орталықтандырылған газбен қамтылды, ал 2 900 отбасыға техникалық шарттар берілген. Газды іске қосу мерзімі тұрғындардың үй ішіндегі желілерді дайындауы мен құжаттарды рәсімдеуіне байланысты.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, газдандыру экологияны жақсартып, көмірді пайдалануды азайтуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Temirtau қаласындағы Qarmet кәсіпорны тарихта алғаш рет табиғи газға көшіп, барлық домна пештері таза отынмен жұмыс істей бастады.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button