АймақТеміртау

Теміртауда 420 үй газға қосылды

Кеше Теміртау қаласының оң жағалауындағы Отрадное шағын ауданында 4-газ блогі іске қосылып, 420 үйге көгілдір отын берілді.

Суреттер Теміртау қаласының әкімдігінен

Өткен жылы басталған бұл блоктың құрылысын жүргізген мердігер ұйым “Акбарсктрой ЛТД” басшысы Арсен Хамитов ұзындығы 21 шақырым болатын газ құбырларын тарту жұмыстарын жоспар бойынша жыл аяғына жеткізбей, мезгілінен бұрын аяқтағандарын айтады.

Отрадное шағын ауданы тұрғындарының қуанышына ортақтаса келген Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов пен қалалық мәслихаттың төрағасы Алексей Ломакин газға қосылған бірнеше пәтерге бас сұғып, құттықтау лебіздерін білдірді. Солардың бірі Шолпан Искакова енді үйлерінің табиғи газбен жылытылып, тамақты да соның отымен дайындайтынына қуанышын білдіріп, сол екі ортада пісіре қойған бауырсағынан келген адамдарға дәм татқызды.

Теміртау қаласын газдандыру жұмысы одан әрі жалғаса бермек.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button