АймақТеміртау

Теміртауда 1200 ағаш отырғызылды

Теміртауда 1200 ағаш отырғызылды. Жас көшеттер ескі қала саябағының жаңа аллеяларында пайда болды.

Суреттер автордан

“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Теміртауда ағаш отырғызу жалғасуда. Көгалдандыру барлық теміртаулықтарды біріктірді. Шаһардың өміріне бей-жай қарамайтын тұрғындар, кәсіпкерлер мен ірі кәсіпорындар, еріктілер мен жастар, конфессиялар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, депутаттық корпус пен Baytaq партиясы белсенді қатысуда.

Ағаш отырғызу шарасына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын қатысты.

– Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде “Таза Қазақстан” ауқымды экологиялық акциясы өтуде. Оған облыс тұрғындары да белсенді қатысуда. Өңіріміздің барлық қалалары мен аудандарында біз күн сайын абаттандыру және санитарлық тазалау жасаудамыз. Қазірдің өзінде 100 000-нан астам ағаш отырғызылды және біз бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызды туған қалаңызды көгалдандыруға белсенді қатысуға шақырамын! – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.


Qarmet АҚ металлургиялық комбинаты да бүгін “Таза Қазақстан” акциясына өз үлесін қосты. Бас директор Вадим Басин: “Qarmet компаниясы республикалық экологиялық акцияны қолдайды. Күн сайын біз өзімізге бекітілген аумақта сенбіліктер өткіземіз және ағаш отырғызумен айналысамыз. Осы көктемде біз 3000-нан астам көшет отырғызып, барлық ниет білдірушіге тараттық және бұл Теміртауды көгалдандыру бойынша жоспарланған жұмыстың аз ғана бөлігі”.

Акция басталғаннан бері Теміртауда барлығы 1210 көшет отырғызылып, аулалар мен қоғамдық аумақтардан 7500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. 88 аула үлкен қоқыстан тазартылды, санитарлық тазалау жұмыстары жалғасуда.

Әділет ШОПЕН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button