АймақЖаңалықтарТеміртау

Теміртау жастарына 100- ге жуық бос орын ұсынылды

Теміртау қаласында ұйымдастырылған еңбек жәрмеңкесі жұмыссыз тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ашты. Кәсіпорындар тарапынан жүзге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.

Жәрмеңкеге пробация қызметінің инспекторлары, есепте тұрған жұмыссыз азаматтар, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Қаладағы өндіріс, құрылыс, сауда және қызмет көрсету салаларын қамтитын 25 кәсіпорын өз ұсыныстарын ортаға салды. Жалпы саны жүзге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 20 қатысушы тұрақты жұмысқа жолдама алды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкенің басты мақсаты – жұмыссыз азаматтарды еңбекке орналастыруға жәрдемдесу және жұмыс берушілер мен үміткерлер арасында тікелей байланыс орнату. 

Бүгінге дейін enbek.kz электронды еңбек биржасында Теміртау қаласы бойынша шамамен 660-қа жуық өзекті бос жұмыс орны жарияланған. 

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button