АймақБас тақырыпТеміртау

Теміртау жастары “Наурыз балл – 2026” кешінде бас қосты

Наурыз мейрамы қарсаңында Теміртау қаласында тұңғыш рет жастарға арналған ерекше әрі көркем мәдени шара – “Наурыз балл – 2026” ұйымдастырылды. Бұл кеш қала жастарының шығармашылық әлеуетін ашып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған айтулы оқиғаға айналды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Салтанатты кешке 50 жұп қатысты. Олардың қатарында қала белсенділері, университет пен колледж студенттері, сондай-ақ 5516 әскери бөлімі-нің 10 сарбазы бар. Әрбір қатысушы кешке тыңғылықты дайындалып, өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.

Шара Ғалым Әшімовтың құттықтау сөзімен ашылып, ол өз сөзінде Наурыз мейрамының маңыздылығына тоқталып, жастарға шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, кештің құрметті қонағы ретінде әскери бөлім командирі, подполковник Данияр Усербаев шақырылды.

Байқауға қатысушылар бір ай бойы кәсіби хореографтардың жетекшілігімен дайындалып, би өнерінің қыр-сырын меңгерді. Нәтижесінде, балл кешінде әсем әуен, классикалық вальс, ұлттық нақыштағы билер үйлесім тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Залда орнаған атмосфера нәзіктік пен сұлулыққа толы болды.

Әсіресе, сарбаздардың өнері көпшіліктің назарын аударды. Олардың темірдей тәртібі мен әскери рухы сахнада айқын көрініс тауып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. “Наурыз балл – 2026” байқауының бас жүлдесін  5516 әскери бөлімі сарбазы, қатардағы жауынгер Ерасыл Асқар және оның жұбы Мерей Толыбай иеленді.

Жеңімпаз жұп арнайы марапатталып, құнды сыйлықтарға ие болды. 

ҚР ІІМ ҰҰ “ Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button