Аймақ
Теміртау жарықсыз қалды
Теміртауда ондаған көпқабатты үй мен 600-ге жуық жеке зәулім үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz «Вечерняя Караганды» Telegram-каналына сілтеме жасап.
– Ондаған көпқабатты үй мен 600-ге жуық жеке зәулім үйде электр қуаты апаттық жағдайда сөніп қалды. Бұл желідегі жүктеменің шамадан тыс артуынан болуы мүмкін. Себебі, қалада жылыту бойынша мәселелер бар. Сондықтан тұрғындар жылытқыш пайдаланады, – делінген хабарламада.