Теміртау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы шеңберінде жалпықалалық сенбілік өткізіліп, оған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен оқу орындарының ұжымдары, еріктілер, курсанттар және тұрғындардан құралған 2000-нан аса адам қатысты.
Тазалау жұмыстары аулалар мен көшелерді, бақтар мен шағын аудандарды қамтыды. Бұл жұмыстарға 60 арнайы техника жұмылдырылып,сыртқа тасып шығарылған қоқыс қалдықтары жүздеген текше метрді құрады. Соның ішінде құрылыс қалдықтары,қураған ағаш, ескі жиһаздар мен тұрмыстық заттар бар.
Сенбіліктен кейін Теміртау тазара түсіп,бұл шаруа биыл 25 наурыз бен 25 мамыр аралығында жарияланған тазалықтың көктемгі екіайлығында жалғаса беретін болады.
Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ
Суреттер ұйымдастырушылардан