АймақЖаңалықтар
Теміртау тұрғыны өрт кезінде көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды
Теміртауда бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, пәтер иесі көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.

– Пәтерден көміртегі газынан улану белгілері бар 1984 жылы туған пәтер иесінің денесі табылды. Сондай-ақ, өртеніп жатқан пәтерден 27 литрлік газ баллоны шығарылды. Тілсіз жаудың алдын ала себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталуы,- делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.