Жаңалықтар

Теміртау тұрғыны екі рет үйленіп, екі әйеліне де АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырған

Ер адамның қасақана әрекеті АИТВ жұқтырған әйел тест тапсырған кезде белгілі болды. Яғни, әйелдердің бірі жүкті болып, АИТВ-ға тексерілу үшін емханаға тіркелу кезінде анықталған. Қазіргі таңда ауыр дерті барын біле тұра сау әйелдерге ауру жұқтырған қарағандылық қамауда отыр. Әйелдің жүктілігіне сегіз ай болған. Енді тек дәрі-дәрмек ішеді. Сәбидің дені сау болып дүниеге келуі де әбден мүмкін екен.

 

Белгілі болғандай, 2010 жылы ер адам Қарағанды облыстық ЖИТС орталығында АИТВ жұқтырған адам ретінде ресми түрде есепке алынған.

Бірақ соған қарамастан ол екі рет үйленген және екі жағдайда да әйелдеріне ауыр дертті жұқтырып үлгерген. Тергеу барысында оның күйеуі ЖИТС орталығында есепте тұрғаны анықталды. Тәртіп сақшылары қасақана әрекетке барған ер адамды қамауға алды.

Бүған қоса ЖИТС орталығының қызметкерлері мен тәртіп сақшылары ер адамның бірінші жұбайын іздеп тауып, одан тест тапсыруды өтінген.

Талдау нәтижесі ол кісіде де АИТВ бар екенін растады.

Қазір ол сот үкімін күтіп отыр.

ҚР ҚК-нің 118-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Теміртау қалалық сотында ҚК 118-ші бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралады. Азамат С. 10 жылдан астам уақыт бойы адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыратынын нақты біле тұра, АИТВ таратқаны, жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын түсіне отырып сақтандыру құралдарын пайдаланбай жыныстық қатынасқа түсті. Сонымен қатар, азамат С. АИТВ бар екенін серігіне хабарламаған. Іс жабық сот отырысында қаралады. Үкім шыққан жоқ, – деп хабарлады Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button