«Таза Қазақстан» республикалық акциясы Теміртау қаласында да таңертеңнен басталды. Мұнда қалалық ішкі саясат бөлімінің ұжымы тұрғындарға өздері өнеге көрсетіп, алғашқылардың қатарында көшеге шықты.
Олар ұжымға бекітіліп берілген аумақты қоқыстан,тұрмыстық қалдықтардан арылтып, сыпырып-сиырып, ретке келтіруде.
Жиналған қоқыс қалдықтарын арнайы қаптарға салып, контейнерге төгіп, оны одан әрі жүк машиналары тиеп, әкетіп жатыр. Қазірдің өзінде аталған ұжым мүшелері өз аумақтарын жинап,тазалауды бітіп те қалды.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ.
Ortalyq.kz