АймақТеміртау

Теміртау қаласының тұрғыны 13-ші баласын дүниеге әкелді

№1 Перинаталдық орталықта Теміртау қаласының тұрғыны 13-ші баласын дүниеге әкелді. Бұл жайлы облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Сурет видеодан алынды

Теміртау қаласының тұрғыны Лариса Кузнецова №1 Облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталығының рекордшылар қатарына енді. 2 наурыз күні әйел 13-ші баласын дүниеге әкелді. Нәресте ұл бала болып туылды. Оның салмағы 3650 грамм, бойы 54 см. Босану табиғи жолмен өтіп, сәтті аяқталды.

Кішкентай Эмин – 48 жастағы Ларисаның үлкен отбасындағы 9-шы ұлы. Отбасындағы ең үлкен қызы 25 жаста.

«Мен өзім көпбалалы отбасында дүниеге келгенмін, сондықтан бұл мен үшін таңсық емес. Жолдасым отбасында жалғыз өскен, бірақ уақыт өте келе бұған үйреніп кетті. Сәбиіміз үшін ерекше қуанып отырмыз. Дәрігерлерге баланың аман-есен дүниеге келуіне көмектескені үшін ризамын», – дейді Лариса.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button