АймақТеміртау

Теміртау қаласының әкімі Ақтау кентінің тұрғындарымен кездесті

Қала әкімдігінің хабарлауынша 2023 жылы Абай көшесінен Мырза станциясына және Новая көшесіне дейінгі көшелерді жарықтандыруды қоса алғанда, маңызды инфрақұрылымдық жұмыстар орындалды. Ақтаудың ескі және жаңа бөлігінде 245 үйді орталық сумен жабдықтауға қосып, 4500 метрден астам су құбыры желілері жөнделді. Ауылдың ескі бөлігінде 14 екі қабатты үйдің қасбеті мен шатыры жөнделді. Жоспарланған 11 700 метр су құбыры желісінің 9 000 метр жаңа су құбыры салынды, ол Ақтаудың 243 үйін ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Суреттер автордан

Ақтау кенті үшін 2024 жылға арналған жоспарда – Ақтау МДО аумағында спорттық тренажер алаңын, Первомайская, Железнодорожная, Новая көшелірінде және 25 кварталда жаңа ойын балалар кешендерін орнату, 5 жаңа автобус павильонын монтаждау, полиция пунктін жөндеу, Новая, Мичурин, Маяковский, Лермонтов көшелеріндегі автомобиль жолдарын орташа жөндеу,  христиан және мұсылман зираттарына баратын жолды жөндеу жоспарда тұр. Әуе электр желісін қалпына келтіру және көше жарығының 250 тірегін орнату жұмыстары жүргізіледі. АСО үшін КТЖ қазірдің өзінде 8 дизельді генератор сатып алды.

Биыл Ақтау кентінде орталық қазандықты, өрт сөндіру  депосын жобалау аяқталып, су бұру желілерінің жетіспейтін бөлігінің жобасын әзірлеу басталады.

Әділет ШОПЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button