Жаңалықтар
Теміртау қаласының әкімдігі балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруда
Теміртау қаласының әкімдігі биыл алғаш рет «Балалардың мәдени-демалыс клубтарында бос уақытын ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асырып жатыр. Жоба балалардың жазғы демалысы кезінде мазмұнды, белсенді тынығуына арналған.
Жоба аясында 23-25 шілде аралығында мәдени-демалыс үйірмелерінің 100 мүшесі Балқаш қаласындағы «Балдәурен» лагеріне демалуға аттанды. Соның алдында осындай 100 жеткіншек 15-17 маусым күндерінде Астана мен Бурабай қалаларына барып қайтқан еді.
– Бұл саяхат жазғы демалысты ұйымдастыруда маңызды орын алады.Өйткені жобаға қатысушылар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балалары, – дейді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Зияшев.
Ержан ИМАШ,
Ortalyq.kz