Теміртау қаласында жаңа электр желілерінің құрылысы басталады
Теміртау қаласының өзекті мәселелерінің бірі – байланыс желілерінің, оның ішінде электр желілерінің тозуы. Қала тұрғындарын қатты жел тұрса жарықтың қайта-қайта сөнуі алаңдатуда. Осыған орай қала әкімі Ораз Тәуірбеков ұзындығы 5 шақырымға жуық жаңа электр желілері құрылысының жақын арада басталатынын мәлімдеді.
– Ескі қала мен оң жағалауда өте өткір мәселе бар. Дауыл мен қатты боран кезінде көптеген үзілістер тіркелді. Сондықтан біз 6 жоба әзірлеп жатырмыз. Мамыр-маусым айларында аяқталады деп күтілуде. Бұл сараптаманы алғаннан кейін біз оларды тікелей жүзеге асыруға кірісеміз деген сөз. Ұзындығы 4,5-5 шақырымдай жаңа электр желілерін тарту арқылы оң жағалау мен Ескі қаланы толығымен тұрақтандыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта электр желілерінің жетіспейтін қуаты шамамен 9,5-10 мегаваттты құрайды. Жаңа желілерді салу бізге үлкен көлемде электр қуатын алуға мүмкіндік береді , – дейді Теміртау қаласының әкімі.
Сонымен қатар, бұл ықшамаудандардан бөлек қаланың орталық бөлігінгегі жағдай да бақылауға алынып, шешімін таппақ.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ