Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімінде жас сарбаздар Әскери ант қабылдады
Теміртау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлімінде маңызды әрі салтанатты іс-шара өтті. 2025 жылғы шақырылым бойынша әскер қатарына алынған жас сарбаздар Әскери ант қабылдады.

Әскери бөлім аумағында өткен салтанатты рәсімге еліміздің әр өңірінен келген 65-тен астам жас жауынгер қатысты. Олар Отанға адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, әскери жарғы талаптарын орындауға ант берді.

Ант қабылдау рәсімі саптық тәртіппен, Мемлекеттік Ту мен әскери оркестрдің сүйемелдеуімен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әскери бөлім басшылығы жас сарбаздарды тарихи сәтпен құттықтап, алдағы әскери қызметтеріне сәттілік тіледі.

Бұл күн — әрбір сарбаздың өміріндегі жауапты әрі мақтанышқа толы сәт. Әскери ант қабылдау арқылы жас жауынгерлер ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында абыроймен қызмет етуге дайын екендерін көрсетті.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ баспасөз қызметі



