Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары лауазымына Рауан Азаматұлы Таран тағайындалды.

Рауан Азаматұлы 1992 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында туған. Екі жоғары білімі бар: Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (2013 жыл, кәсіби оқыту), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (2018 жыл, юриспруденция, экономиканы құқықтық реттеу).
Мемлекеттік қызметте 8 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді.
2013 жылдан бастап Қарағанды облысында жастар саясаты саласында еңбек етті: инспектор, бөлім меңгерушісі, бас маман, бөлім және басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.
2022–2023 жылдары Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасын басқарып, 2023 жылдан бері Теміртау қаласы әкімінің аппаратының басшысы қызметінде болды.