АймақЖаңалықтарТеміртау

Теміртау қаласы әкімінің гранттары тапсырылды

Бүгін Теміртау қалалық әкімдігінде әлеуметтік осал топтағы және кәсібін жаңа бастаған 9 адамға кәсіпкерлік қызметін ашып, дамыту үшін осы қала әкімінің гранттары тапсырылды.

Сурет автордан

Осы 400 АЕК мөлшеріндегі (1520800 теңге) мөлшеріндегі гранттарды тапсырған Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Рауан Таран:

 – Өз кәсіптерін ашу үшін осындай санаттағы жандарға өткен жылы қала әкімінің 10 гранты берілсе, биыл ол екі лекпен жүргізіліп, осының алдында 8 адам грантқа ие болса, бүгін әкімдікке өз бизнес-жоспарларын тапсырған 23 адамның ішінен 9 адам комиссияның шешімімен жеңімпаз болып танылды. Бұл алған гранттарыңыз сіздерге серпін беріп, кәсіптеріңізді өркендетеді деп ойлаймын, – деді.

Бұл 9 адамның қатарында мұздатылған жартылай фабрикаттарды өндірмекші Индира Базарова, Ерлер киімі дүкенін ашатын Дана Қарағойшина, мәдени заттарды өңдеумен айналысатын Галина Кривец, металды суықтай соғып, өнімдер жасайтын Айнұр Күмісбекова, Денсаулық, әдемілік және сауықтыру орталығын құратын Сұлухан Өтемісова, шаштараз ұйымдастыратын Телеген Хаямқожа, шараларға шақыру билеттерін жасайтын Айгерім Хумар, бір күн ішінде көлікті тазалап, жөндеумен шұғылданатын Ирина Шлякиене және “Наша” бьюти-студиясының  қожайыны Наталья Колесникова бар.
Соңында грант алғандар естелік суретке түсті.

Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button