АймақҚарағанды

Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешіті толық күрделі жөндеуден өтті

Қарағанды облысына қарасты Теміртау  қаласындағы көне мешіттердің бірі – «Жақып Ақбай» мешіті күрделі жөндеуден өтіп, өз жамағатына есігін қайта  ашты.

Суреттер: ihsan.kz

Жөндеуден өткен мешіттің ашылу шарасына Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, қала имамдары, қадірлі қариялары, ардагерлер, мешіт жамағаты қатысты.

 Қасиетті жұма күні ел игілігіне берілген Алла үйінде облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы «Исламдағы терең ойланудың мән- мағынасы мен орны» тақырыбында уағыз- насихат айтып, аймақ жамағатына құттықтауын жеткізді.

Дін жанашырларының мұрындық болуымен жөндеу жұмыстарына арнайы қаражат бөлініп, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей қолдауымен жүзеге асқан игі шараның нәтижесінде күрделі жөндеуден өтіп, ұлғайтылған «Жақып Ақбай» мешітінде 1000 ға  жуық жамағат бір мезгілде намаз оқи алады.

Мешітте сонымен қатар, имамдар бөлмесі, қызметтік пәтер, ерлер мен әйелдер намаз оқитын және дәріс алатын бөлме, қызметшілер бөлмесі, асханасы, сонымен қатар жамағаттың сырт киімдерін шешіп, арнайы дәрет алатын бөлмелермен  толық қамтылған.

Екі жылға жуық уақыт жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сәтті аяқталған мешіт ғимараты көз тартарлықтай сәнді де салтанатты күйінде  жамағаттың  игілігіне берілді.

Көптен күткен жаңа мешітте жұма намазын оқып, ғибадат жасаған шаһар тұрғындары игі істі жүзеге асырған дін қызметкерлеріне ризашылықтарын жеткізді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button