Ресми

Темір жолда сақ болыңыз!

Акция 19-21 шілде аралығында өтуде. Мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге темір жол көлігі нысандарында қауіпсіз тәртіп ережелерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу. Өйткені, темір жол аумағы – қауіпті аймақ.

Акция барысында құқық бұзушылықтың алдын алу инспекторлары жергілікті тұрғындармен жиын өткізеді. Онда инспекторлар балалар мен ересектерге темір жолда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіруде. «Құрметті азаматтар, сіздерден темір жол бойындағы тәртіп ережелерін, соның ішінде темір жолдарды кесіп өткенде, темір жол бойында орналасқан арнайы белгілерге назар аударуды, сигнал дыбыстарын тыңдауды және темір жолды белгіленген орындардан ғана өтуіңізді сұраймыз», – дейді Қарағанды – Сұрыптау стансасындағы желілік полиция бөлімі.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button