Қарқаралы

Өтелген парыз

Қызыл Армия жауынгері Орманбет Жаманқұлов Ленинград үшін болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан.

Ұлы Отан соғысы тарихында ерекше есте қалған Ленинград қаласын жау қолынан азат ету болғаны белгілі. 900 күн кескілескен ұрыста Орманбет атаның да болғанын мақтанышпен айтуға болар.

Орманбет Жаманқұлов соғысқа аттанғанда соңында жары мен екі жасар қызы қалады. Соғыс аяқталып, жауынгерлер елге орала бастағанда, кішкентай қызы мен анасы өздерінің әкесі мен жа- рының келмейтінін қаралы қағаздан біледі. Қызы Ықия апай арада сан жылдар өтіп, өзі де балалы-шағалы, немерелі болса да жүрек түкпіріндегі әке- ге деген сағынышы маздай береді. «Әкемнің жатқан жерін білсем, басына барсам, топырағынан иіскесем» деген сарғайған сағынышын балалары да сезеді. Балалары хабар-ошарсыз кеткендер тізімінен Умарбек Жаманкулов деген аты-жөнін тауып алады. Аталарының аты Орманбет екені, ал, «Умарбектің» қайдан келгенін анықтайды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде, сәтін салып, жиені Диас нағашы аталарының жатқан жерін анықтайды.

Күйеу баласы Ербол Исағұлов пен қызы Перизат апай аналарын алып, Ресейдің Новгород облысына жолға шығады. Парфинск ауданының, «Новая» деревнясына атбасын тірейді. Сол жердегі «Бауырластар қорымындағы» қара мәрмәр тақтада 1943 жылы қаза тапқан қазақ жауын- герлерінің тізімінде Жаманқұлов Умарбектің де тізімі жазылып тұрды. Ықия апай туған жерден апарған бір уыс топырақты сонда салыпты. Жат жерде жатқан әкесінің қабірінен топырақ әкеп, ата-бабалары жатқан Ақтайлақтағы Түлкібай қорымындағы әкесіне арналған көктастың тұсына әкеп салады. Ол иығындағы перзенттік парызын осылай өтеді.

Сағыныш ӘБІЛ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button