Ресми

Телевизия мен радио бір күнге өшіріледі

Елімізде осы аптаның сенбісінде, яғни 23 желтоқсанда телевизия мен радиодан хабар тарату белгілі уақыт аралығында өшіріледі, деп хабарлайды Ortalyq.kz EL.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: kaztag.kz сайтынан

«Қазтелерадио» АҚ таратқан хабарламада, 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласы уақыты бойынша) «Қазмедиаорталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау аясында барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланған.

Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып профилактикалық жұмыс жүргізетіні айтылады.

Осыған байланысты аталған уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-радиоарналарды тарату тоқтайды.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button