Білім

Телемедицина тыңдаушыларын іздейді

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Облыстық медицинаға қадам» жобасын бастаған болатын.
2022-2023 оқу жылынан Жамбыл атындағы мектеп осы жоба аясында жұмыс істеп келеді. Мектебімізде әр саладағы дәрігер мамандармен кездесулер өтіп, медициналық университеттегі анатомиялық музейлерге, симуляциялық кабинеттерге экскурсия жасалды. Сонымен қатар, биология пәні мұғалімдері тәжірибелік сабақтарды назарға ұсынады.
Қыркүйек айынан бейіндік пән ретінде «Телемедицина» курс бағдарламасын әзірледім.

Сурет автордан

«Телемедицина» курсының бағдарламасы медициналық сыныпқа бағытталған және 8 сынып оқушыларына арналған.

Бұл факультативті курстың мақсаты – оқушыларды телемедицина технологияларымен, олардың биологиялық және медициналық аспектілерімен таныстыру, сондай-ақ, заманауи денсаулық сақтау саласында телемедицина мүмкіндіктерін зерттеу. Қазіргі заманғы медицинада телемедицина денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігін арттырып, диагностика, емдеу және алдын алу шараларын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл курс оқушыларға осы саладағы негізгі ұғымдарды, технологияларды және олардың адам ағзасына тигізетін әсерін түсінуге көмектеседі.

Курс барысында оқушылар телемедицина тарихы, оның негізгі ұғымдары және артықшылықтарымен танысады. Олар телемедицинаның биологиялық аспектілерін, қашықтықтан диагностика және емдеу әдістерін меңгереді. Телемедицинаның болашағы мен оның этикалық мәселелерін талқылайды.

Курстың мазмұны оқушылардың сыни ойлауын, зерттеу дағдыларын және заманауи технологияларды қолдану қабілетін дамытуға бағытталған. Теориялық бөлімдер оқушыларға қажетті білім берсе, практикалық сабақтар олардың алған білімдерін нақты өмірде қолдануына мүмкіндік жасайды.

Бұл оқушылардың медицина және биология саласында білімдерін тереңдетуге, заманауи технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, табысты маман болуға ықпал етеді.

Назерке НҰРМАШҚЫЗЫ,
Жамбыл атындағы мектептің биология пәні мұғалімі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button