Бас тақырып

Телефондардың IMEI кодын тексеру 2 айға шегерілді

Елімізде ұялы телефондардың IMEI кодын тексеру 25 мамырға дейін шегерілді. Бұған дейін Цифрлық даму министрлігі тиісті өзгерістер 25 наурызда күшіне енетіндігін мәлімдеген еді. Нарық қатысушыларының пікірінен кейін қосымша уақыт беру туралы шешім қабылданған.
Сурет kg.archive.kabar.kg
Жаңа талапқа сәйкес, енді Қазақстанға алғаш рет әкелінген ұялы телефондардың IMEI кодтары тексеріледі.

25 мамырдан кейін сынақтан өтпеген құрылғылар ұялы телефон желісіне қосыла алмайды. Жаңа тәртіп ұрланған, бұғатталған және жалған құрылғыларды жояды. Сатып алушыларды сапасыз тауардан қорғайды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button