Қарағанды

Телефон терроры тізгінделді

  Кеше полицияға Қарағандының орталық әмбебап дүкеніне жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабар келіп түскен. Мұндай ақ­паратты облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызме­тінің басшысы Бақытжан ҚҰДИЯРОВ растады.

Ақпаратқа сүйенсек, кеше, 13 қаңтар күні сағат 10.01-де «102» телефонына белгісіз ер адам хабарласып, орталық әмбебап дүкенге жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған.

Бірден әлгі дүкенге барлық төтенше қызмет жіберіліп, ғимаратынан 400-ге жуық адам көшірілген.

Тәртіп сақшылары қылмыскердің ізін суытпай қолға түсірді. Ол – Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғыны екен. Нәтижесінде, сағат 11.10-да орталық әмбебап дүкенге қайта кіруге рұқсат беріліп, дүкендегі сауда-саттық жалғасын тапты.

Енді, ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button