Бас тақырыпРесми

Телеарна ұжымына табыс тіледі

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі облысқа жұмыс сапары барысында облыстық «SARYARQA» телеарнасына арнайы ат басын бұрды. Шығармашылық ұжыммен кездесіп, телеарна тынысымен танысты.

Телеарнаның түсірілім павильонын, мұражайын көрген Дархан Қуандықұлы 60 жылдан астам тарихы бар ұлағатты ұстахананың өткені мен бүгінімен танысып, қызметкерлермен сұхбат құрып та үлгерді. Түсірілім алаңының аумағы 350 шаршы метрді құрайды. Мұнда тікелей эфирлер, танымал ток-шоулар түсіріледі. Барлығы 30-дан астам тележоба дайындалады. Министр шығармашылық ұжымның жұмысына табыс тіледі. Кездесу соңында облыстағы бас телеарна директоры Берік Дүйсетаев Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліге шығармашылық ұжым атынан алғыс айтты.

– Өңірлерге жұмыс сапарымен барғанда жергілікті медиа ұйымдарға кіріп-шығуға тырысамын. Сарыарқа – қазақта қасиетті сөз. Сол сөздің қадіріне жете білетін ұжым екендіктеріңізге сенемін, – деді өз сөзінде Дархан Қуандықұлы.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button