Жаңалықтар

Өтелбай Орымбайұлы өмірден өтті

Ұлы Отан соғысының ардагері Өтелбай Орымбайұлы өмірден өтті.
Өтелбай Орымбайұлы 1924 жылы 13 қарашада Целиноград облысы (қазіргі Ақмола облысы), Алексеевка ауданы, Рамадан ауылында дүниеге келген. 1942 жылы майданға аттанып, Воронеж, Степной және 2-ші Украина майдандарында шешуші ұрыстарға қатысты. Байланыс бөлімшесінің командирі болды.
1947 жылы денсаулығына байланыс­ты әскери қызметтен босатылып, бейбіт өмірдегі еңбек жолын Ақмола қаласындағы байланыс жүйесінде бастады. 1969-1975 жылдары Қарағандыда облыстық атқару комитеті мен жинақ кассалары басқармасында жауапты қызметтер атқарды.
Ардагерлер қозғалысының белсенді мүшесі бола жүріп, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне зор үлесін қосты. Елге сіңірген еңбегі мен ерлігі үшін «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен және Жеңіс күніне арналған бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.
Өтелбай Орымбайұлының есімі туған-туыстарының, отандастарының және өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақталады.
Марқұмның отбасы мен барлық туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Е.БӨЛЕКПАЕВ, Н.ҚОБЖАНОВ, А.ТАЙЖАНОВ,
Е.АЛПЫСОВ, Б.АСАНОВ, Ә.ӘЛДЕНЕЙ, О.ТАУРБЕКОВ,
Ғ.ӘШІМОВ, Е.ҒАЛИЕВ, Н.БИКЕНОВ, Ғ.ШЕГЕНОВ, Ғ.ТҰЯҚОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button