Тексеріс жүргізілуде
Қарағанды облысында 171 сауда нысаны жоспардан тыс тексеру өткізу шеңберінде есепке алынды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бүгінде 94 тексеру жұмысы аяқталды. Қорытындысында, тек, 3 сауда нысаны ережеге сай қызмет ететіні анықталды. 91 нысанда 971 өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің бұзушылықтары табылған. Кемшіліктер бойынша 106 әкімшілік хаттама толтырылды.
Негізінен өрт сөндіру автоматикалық жүйесімен барлық бөлмелер жабдықталмаған, қолданыстағы өрт сөндіру автоматикалық жүйелері жартылай істен шыққан, электр сымдарының тарамдары оқшауларының кедергісін өлшеуіне тексерулер жүргізілмеген, шиыршықтарымен жалғаулары бар уақытша электр желілері салынған. Қойма бөлмелерінде қыздыру шамдары қорғау плафондарысыз пайдаланылған, эвакуациялық жолдар қосымша сауда орындарының орнатуымен тарылған, қосымша эвакуациялық шығулардың есіктері құлыпталған, ғимараттан шығу жолынан тыс есіктер ашық, ақаусыз өрт сөндіргіштердің нормативті саны жоқ. Сыртқы өрт сөндіру сатылары сынақтан өтпеген, ішкі және сыртқы сумен жабдықтау жүйелерінде ақаулықтарға жол берілген.
Тексеріс аясында 67 өрт-тактикалық сабақ пен 9 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жалғасуда және тиісті органдардың қырағы бақылауында.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.