Жаңалықтар

Технология тілі – жаңғырту кілті

Аймағымызда техникалық шығармашылыққа қызығушы бар балалар заманауи робот техникасы құрылғыларын пайдалана алады. Мамандардың сөзінше, робот техникалармен жұмыс істеу балалардың ойлау қабілетін дамытып, өзге пәндерді де жақсы меңгеруіне септігін тигізеді.

Былтыр облыста 209 робот техникасы лабораториялары мен 73 IT-сынып ашылды. Қалалық және ауылдық оқушылар үшін бірдей жағдайлар жасалуда. Алғашқы төрт технопарк Шахтинск, Қарағанды, Балқаш қалалары мен Абай ауданында орналасқан. Биыл осындай орталықтардың саны артады. Сондай-ақ, 14 технопарк ашу жоспарлануда. Абай ауданының Топар ауылында технопарк бұрынғы ауыл шаруашылық колледжінде ашылды. Күн сайын онда 300 дейін бала келіп, білім алады. Орталықта тек қана топарлық балалар ғана емес, сондай-ақ, жақын маңдағы ауылдарданда балалар келетін көрінеді. Бұл өңірдегі робот техникасының дамуына түрткі болады. Оқушылар бастапқыда шағын машиналар құрастыра келе, кейін аса күрделі бағдарламаларға көшеді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Back to top button