Жаңалықтар

Тегін үйірмеге қалай жазылуға болады?

Қарағанды облысында 4 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға арналған 275 тегін үйірме бар. Ал, тегін үйірмеге қалай жазылуға болады?

Жоба artsport.edu.kz порталында жүзеге асырылады. Ақпараттық портал қызмет көрсетушілердің, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына баруға ваучер алу үшін өтінімдерін тіркеу және беру үшін әзірленген.

Алдымен Платформаға кіріп, тіркелу қажет. Бұл кезеңде бала емес, тек ата-ана (заңды өкіл) ғана тіркеле алады. Жеке куәлікте көрсетілген деректерді толтырып, телефон нөмірі мен электрондық пошта мекен жайын дұрыс толтыру маңызды. Себебі, сізге хабарландырулар мен хабарламалар жіберіледі. Электрондық пошта мекен жайы логин болып табылады және құпия сөзді қалпына келтіру кезінде қажет.
Тіркелген соң, «Менің балаларым» бөліміне өтіп, «Бала қосу» түймесін басу қажет. Баланың тегін, атын және әкесінің атын оның туу туралы куәлігінде көрсетілгендей етіп, қатесіз енгізген дұрыс. Содан кейін баланың ЖСН-ін көрсету керек.
«Бөлімді таңдау» батырмасын басып, іздеу сүзгісінде қажетті параметрлерді (аймақ, бағыт және фокус) таңдап, «Іздеуді бастау» ( түймесін басу қажет. Іздеу нәтижелері картадан шығады. Одан соң, өзіңізге қажетті жеткізушіні таңдап, оның профиліне өте аласыз.
Жеткізуші профилінде секциялар немесе үйірмелер тізімі ұсынылады, мысалы (74-тен 100). 74 – жеткізушіге берілген өтінімдер саны (жолдамалар), 100 саны – жазылуға болатын лимит, яғни балалар саны.
Егер, «Шектеу» белгісі бар сары түйме шықса, онда өтінішіңізді жібере алмайсыз, себебі жеткізушінің бос орындары жоқ. Бұл жағдайда бос орын болғанша күту немесе кезекке тұру керек. Ал, «Тіркелу» деген көк түймені көрсеңіз, өтініш бере аласыз.
«Тіркеу» түймесін басқан кезде, тіркелу үшін – баланы таңдайтын пішін ашылады. Тіркелу сәтті аяқталғаннан кейін, сізге ваучер беріледі.
«Менің өтініштерім» бөліміне өтіп, бірегей нөмірі, берілген күні және бала туралы дұрыс толтырылған деректері бар ваучерге назар аудару қажет. Бұл жағдайда 10 күн ішінде жеткізушімен келісем-шарт жасасып, баланың барлық қажетті құжаттарын тапсырып үлгеру керек, әйтпесе ваучер жойылады. Егер, жеткізуші ваучерді іске қосса, онда «Менің өтініштерім» бөлімінде ваучердің түсі жасыл түске өзгереді және жаттықтырушы туралы ақпарат көрсетіледі.
Платформаға қатысты барлық сұрақтарды artsport@edu.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Өтініш берген кезде жеке куәлігіңіз бен балаңыздың туу туралы куәлігінің көшірмесін қоса беруді ұмытпаңыз. Бұл құжаттарсыз өтініштер қаралмайды. Тек аптаның 5 жұмыс күнінде қаралып, сізге жауап келеді.

Өз тілшімізден. 

Басқа материалдар

Back to top button