Руханият

Театр мен кино өнерінің абызы

Қазақтың тұңғыш драма театрының іргетасын қалаушылардың бірі және бірегейі, КСРО Халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Қалибек Қуанышбаевтың туғанына биыл 130 жыл толды. Заманында қалың көрерменнің құрметіне бөленіп, «Қаллеки» атанған жерлесіміз, қазақ елінің театры мен кино өнерінің абызы атанған Қаллекең жайлы бүгінгі мақаламызда бұрын көп айтылмаған оның өмір деректерін әңгіме етпекпіз.

Суреттер кейіпкердің жеке мұрағатынан

Қалибек (шын аты Қалыбек) Қуанышбаев 1893 жылы сол кездегі Қарқаралы уезіне қарасты Сарытау болысының Қарақопа деген қыстауында дүниеге келген. Бұл қазіргі Қарқаралы ауданының бір кездері «1 май» совхозы атанған, кейінгі М.Мамыраев ауылының жері. Қазір бұл ауыл Ақжол деп аталады. Сол Сарытау болысында патша заманында екі аулынай ел болып, Құдайберді руының адамдары өмір сүрген екен. Негізі, ата қоныстары Айрық, Арқалық, Едірей болып табылатын Айбике-Шаншардың ішіндегі Құдайберді руының екі ауылы бұл жақта қайдан жүр деген сұрақ тууы мүмкін ғой.

Әлихан Бөкейханов атамыздың айтуы бойынша, шамамен 1840 жылдары Құдайберді руының жартысы осы аймаққа Едірейден қоныс аударған. Негізгі себеп – жердің, жайылымның тарлығы болса керек. 1898 жылы бүкілресейлік халық санағын жүргізуге қатысып, Қарқаралы аймағын бір жыл аралаған Әлекең өз шығармаларының 4-ші томында осылай деп жазады.

Қ.Қуанышбаевтың 1962 жылы жарық көрген «Шаншарлар» атты кітабы бар. Оған Қаллекидің әр жылдары жазған сықақ әңгіме, фельетон, өлең, пьесалары енген. Заманында онымен дос болған, шығармашылық байланыста, отбасымен аралас-құралас болған Мұхтар Әуезов Қаллекидің бір отырыста жалғыз өзі «екеудің таласын, үшеудің керісін, бесеудің жанжалын» көсете алатынын таңғала жазған болатын. (М.Әуезов. 11-том, 254- б.).

Мақаланың толық нұсқасын газеттің 28 қыркүйегінде шыққан №108 (23 284) санынан оқи аласыздар.

Серік СЕКСЕНҰЛЫ,
Қазақстанның Құрметті журналисі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button