Нұра

Теңіз өңіріне тұщы су келді

Атқарушы биліктің назарынан тұрғындардың өзекті мәселелері тыс қалған емес. 2016 жылдың екінші жартысынан бастап бірнеше білім беру, мәдениет ошақтары, жолдар жөндеуден өтті. Талдысай, Нығыман ауылдарында кеңес дәуірінен күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселе – ауызсу еді. Ауыл халқы жазда өзеннің ащы суын, қыста мұзды пайдаланып, қиыншылық көріп келді.

Мәселенің түйінін тарқатудың сәті енді түсті. Аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен бір жыл ішінде көп жұмыс атқарылып, түрлі әкімшілік кедергілердің қисыны табылып, шаруа тындырылды. Сонау Приозерск қаласынан екі су тұщыту қондырғысы жеткізіліп, жыл басынан бері іске қосу жұмыстары жүргізілді. Осы шаруаға ұйытқы болған аудан басшылығына ауыл жұртшылығының ризашылығы шексіз.

Қондырғы күніне екі тонна суды өзеннен сорып, тұщытады. Нығыман ауылындағы тұщы су қондырғысын іске қосу рәсімінде Құланөтпес селолық округінің әкімі Е.Жүнісов аудан әкімінен тікелей байланысқа шығып, халықтың алғысын жеткізді. Ауыл үлкендері Мыңбай ата мен Сахан әжеміз судың дәмін бірінші болып татып, сапасына жоғары баға берді. Мұндай қуанышқа Талдысай ауылының тұрғындары да кенелді.

Сүлеймен САТЫБАЛДИН,

аудан әкімінің баспасөз

хатшысы.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button