Теңгені Ата Заңда бекіту «ортақ валюта» енгізу туралы қауесеттерге құқықтық тұрғыдан тосқауыл қояды – Үнзила Шапақ
Теңгені Ата Заңда бекіту «ортақ валюта» енгізу туралы қауесеттерге құқықтық тұрғыдан тосқауыл қояды. Бұл туралы партияаралық дебатта Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Үнзила Шапақ айтты.

– Теңгені Ата Заңда бекіту ел аумағында қандай да бір басқа немесе «ортақ валюта» енгізу туралы қауесеттерге құқықтық тұрғыдан нақты тосқауыл қойылатынын білдіреді. «АМАНАТ» партиясы өкілдері Конституциялық комиссия құрамында болып, осы норманың Жаңа Конституция жобасына енуіне қолдау көрсетті, – дейді ол.
Партияаралық дебатта Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ жаңа Конституция жобасы демократиялық институттарды институционалдық тұрғыдан күшейтуді, құқықтық үстемдігін қамтамасыз етуді, «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде Әділетті Қазақстан тұжырымдамасын бекітуді және экономикалық тұрақтылықты арттыруды көздейтінін айтты.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



