Жаңалықтар

«Тазалық – саулық кепілі»

Қарағанды Республикалық жаппай сенбілікке белсене қатысуда. Оған барлық мемлекеттік органдар, ПИК және белсенді тұрғындар бей-жай қарамай, күрек-кетпенін алып, тысқа шықты. Мәселен, Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығының қызметкерлері де шаһар орталығының Оңтүстік-Шығыс ауданында қоқыс жинап, аулаларды тазарту амалдарына білек сыбана кірісті.

Суреттер ұйымдастырушылардан.

– Жалпы, қазірдің өзінде кем дегенде 50 қапқа тарта қоқыс жиналды. Жер аяғы кеңісімен, көзге көлденең көрінген жердегі зат қарасы көбейгендей. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» эко-науқанына ел болып жұмылып кірісу қажеттігіне назар аударды. «Тазалық – саулық, ал саулық – байлық негізі» екендігін алдымен өзіміз үшін түсініп алған өзекті. Барша қазақстандықтарды айналасын абат етуге шақырамыз,– деп ой тұжырды орталық мүшесі Салтанат Кеңесбекова.

Еске салайық, 8 сәуірде бүкіл республика бойынша «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы басталған еді. Науқан бес аптаға созылады. Әр жеті күн белгілі бір тақырыпқа арналған. 13 сәуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталады.

Осы уақыт аралығында елдімекендер тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазалайды.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button