АймақНұра

Тазалық ауладан басталады

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының төртінші апталығы, яғни, «Өнегелі ұрпақ» аптасы жалғасуда. Бұл жолы Нұра кенті әкімдігінің қызметкерлері эко-сенбілікке шықты.

Сурет пен видео: ұйымдастырушылардан

Олар аудандағы тыл еңбеккерлерінің үйіне барып, ауласын қоқыстан тазартты. Қоқыс қалдықтарын жинап, маңайды қалыпқа келтірді.

– Біз үшін алаңдап, қолғабыс етіп жатқан әкімшілік қызметкерлеріне алғыс айтамын. Өмірдегі ең басты байлық – денсаулық. Дендеріңіз сау болсын, – деді тыл эңбеккері Таисия Ярош.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button