Бас тақырып

«Таза өлке»: қарағандылықтар жаппай сенбілікке шықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде қазақстандықтарға жаппай сенбілікке шығып, қала тазалығына атсалысуға үндеген болатын. Осы мақсатта елде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Әр жұма сайын бір ай бойы ел азаматтары сенбілікке шығып, қоршаған ортаны қоқыстан тазартпақ. Бүгін экологиялық акциясының бірінші апталығы – «Таза өлке» бағыты. Қарағандылықтар да қалыс қалмай, жаппай сенбілікке шықты.

Суреттер: сайт мұрағатынан

Жаппай сенбілікке еріктілер мен мемлекеттік органның қызметкерлері, ұзтаздар, оқушылар мен студенттер ат салысуда. Аула мен демалыс орындарын және көше бойын қоқыстан тазартуда. Ағаш түбін қопсытып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізуде. Күннің көзі түспейтін аулаларда ерімей қалған қарды лақтырып, қаланы қатты қалдықтардан тазартты.

Облыс аумағын көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру мақсатында өткізілген жалпы облыстық сенбілікте бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button