Жалпыреспубликалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Осакаров ауданының ҰОС ардагері А.Н. Котованың ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстарына аудан жастары, Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектебінің оқушылары және еріктілер белсене қатысты. Аулаға шырша егіліп, қоршауларды боялып және қоқыстан тазартылды.