11 сәуірден басталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы 11 мамырға дейін жалғасады. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Бүгінде елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғанына – екінші апта болды.
Шахтинск қаласының тұрғындары да ерекше қолдау білдіріп, жұмыстарды белсенді бастап кетті.
Қалада және оған іргелес кенттерде Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған 4 еске алу обелискісі, қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге арналған мемориал, Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған барельеф, Абай Құнанбаев ескерткіші және 4 тарихи-мәдени ескерткіш бар.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде қоршауларды әктеу, ұсақ жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ескерткіштерді қалыпқа келтірілді, Ағаш отырғызылды, Аумақтар жиналды.
«Киелі мекен» апталығы басталғалы ескерткіштерді қалыпқа келтіру мен тазалық жұмыстарына 500-ден аса адам ат салысқан.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz