«Таза Қазақстан»: акция басталғалы аймақта 12 мыңдай хаттама толтырылды
Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Акция аясында санитарлық нормаларды, тәртіп пен тазалықты сақтау мақсатында тұрақты түрде профилактикалық рейдтер жүргізілуде.
– «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 12 мыңдай (11 500) әкімшілік хаттама толтырылды. 28 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын 19 көлік ұсталды. Әртүрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына абаттандыру ережелерінің бұзылуын жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы 440 ұсыныс берілді. Соңғы бір аптаның өзінде ТКШ-ның бес төрағасына айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ТКШ-ның тағы 19 төрағасына ескерту жасалды, – дейді жергілікті полиция қызметінің басшысы Қайырбек Шәкенов.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.