АймақБас тақырыпҚарағанды

Абайдағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы аяқталуға жақын

Қарағанды облысының Абай қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған сұрыптау желісі бар жаңа полигон салынуда. 

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Абай ауданына жұмыс сапарымен барған Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барып, құрылыс барысымен танысты.

Полигон облыстық бюджет қаражаты есебінен, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында салынуда. Ол Абайдан үш шақырым қашықтықта орналасқан. 

Жалпы алаңы – 10 гектар, пайдалану мерзімі 25 жылға есептелген. Мұнда жылына 15 мың тоннаға дейін қалдық сұрыпталмақ.

Полигон заманауи қоқыс сұрыптау желісімен жабдықталған, ол қайта өңдеуге жіберілетін қайталама шикізатты бөліп алуға мүмкіндік береді. Жабдық Қазақстанда өндірілген.

Алдағы бес жылға полигон «Ресайклинг Сервис» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына берілді. Компания директоры Айтпану Омарованың айтуынша, қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі жайлы еңбек жағдайлары жасалған: заманауи ғимарат, жаңа жабдық және абаттандырылған жұмыс орындары бар.

— Бүгінде қоқыс сұрыптау – жай ғана заманауи үрдіс емес, өмірлік қажеттілік және уақыт талабы. Бұл жоба қоршаған ортаға түсетін жүктемені айтарлықтай азайтып, қалдықтарды өңдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деді ол.

Полигонның іске қосылуы көмуге жіберілетін қалдық көлемін едәуір қысқартып, өңірдің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға жол ашады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button