Бас тақырып

Татулық тағылымы

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясына қатысты. Президент қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл мерейтойымен құттықтады. «Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға!», – деді.

Сурет zakon.kz

Иә, осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты.

Президенттің айтқан сөздерімен келісеміз. Себебі, біздің ел үшін басты байлық ол – тұрақтылық, тұтастық! Расымен де, Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел тарихындағы ерекше құбылыс. Ол біздің көпұлтты қоғамымыздың татулығы мен өзара сыйластығының айқын айғағы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бірлік – біздің ең басты байлығымыз. Өйткені, береке мен бейбіт күннің қадірін терең түсінген халық қана алға қадам басады.  Осы селкеусіз сенім мен келелі келісімнің арқасында Қазақстан әлемге бірлік пен тұрақтылықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Бұл жолды сақтап, оны болашақ ұрпаққа аманаттау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Дана халқымыздың «Бірлік түбі – береке, татулық түбі – тыныштық» деген мәйекті мақалы бар. Ендеше, бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын, халайық!

Думан МАЛАЕВ,

қоғам қайраткері

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button