Теміртау

Татулық идеясы Теміртаудан бастау алған

   Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстан халқының кемелді келешегі мен байыпты болашағын бағдарлайтын құнды дүние. Жаһандану дәуірінде елімізде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың бірлігін бекемдеудің бірден-бір жолы да осы мақалада айқындалған. Өресі биік, ертеңі нұрлы ел боламыз десек Көшбасшымыздың бұл мақаласын жіті түсініп, байыппен бағдарлауымыз қажет-ақ.

Өткен ғасырдың елуінші жылдары Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына КСРО-ның түкпір-түкпірінен жастар ағылды. Қазақстан жастары да цехтарды игеруге келіп, Днепроджерзинск, Магнитогорск, Новокузнецск комбинаттарына оқуға жолдама алып жатты. Осылайша, Бүкілодақтық құрылыстың көпұлтты ұжымы қалыптасты. Облысымызда көпұлтты, тату тәтті этностардың қара шаңырағы пайда болды.

Сол айтулы жылдары әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінен бригадалар құрылып, берекелі жұмыс жүріп жатқан еді. Десе де, жұмысшылардың нәсілі мен тіліне, ұлты мен ұлысына қарамастан, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың мызғымаз іргесі қаланды. Мен мұны қазір толық сеніммен айта аламын. Өйткені, мен сол жылдары қалалық комсомол комитетінің идеология жөніндегі хатшысы болатынмын. Әрине, ол кезде бұл мәселеге үлкен мән берілді. Бізге көп жұмыс жасауға тура келді. Жастар арасында жұмыста және күнделікті тұрмыста болсын, тату-тәтті қарым-қатынас орнату үшін түрлі әдістер мен қалыптарды іздестіруге тура келді.

1971 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қалалық партия комитетінің өнеркәсіп жөніндегі екінші хатшысы болып жұмыс атқарды. Нәтижесінде, қаламыздың көркейіп, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалды. Барлық күш жігерін соған арнады. Сол кездің өзінде-ақ, ол әрбір тұрғынның, әрбір қазастандықтың мұң-мұқтажын ойлайтын. Қашан да тұрғындарға қамқорлық танытатын. Теміртау қаласы Нұрсұлтан Назарбаев басшылық еткен жылдары «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

Мен, Нұрсұлтан Әбішұлымен 1971-1973 жылдары қалалық партия комитетінің саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, кейін, қалалық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы болып сайланған мезгілде қоян-қолтық жұмыс атқардым. Болашақ мемлекет басшысы ол кезде Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы болатын. Сол жылдары Теміртау қаласына көптеген делегаттар келетіні бар еді. Өйткені, біздің қала интернационалдық тәрбие мәселелері бойынша Қазақстандағы жалғыз базалық қала еді. Сол жылдары қай ұлттың өкілдері жұмыс істемеді дейсің? Тіпті, болгарлармен құрылыста жұмыс жасау тәжірибесі де пайда болды. Украин болат балқытушыларымен достығымыз нығайып, бірлескен достық жылдамдық балқытулары өткізілетін. Комбинатта түрлі ұлттардан құралған 30 мыңнан астам адам жұмыс істеді. Партия комитетінің хатшысы Н.Назарбаев барлығымен ортақ тіл табысатын. Соның арқасында, этникалық келісімнің қазақстандық моделі жасалып, ол еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстарды біріктірген бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының негізіне айналды.

Біз республикалық, одақтық, әлемдік басылымдардың тілшілеріне және шетелден келген делегаттар мен саяхатшыларға көпұлтты қаламыздың өмір сүру жағдайын көрсететінбіз. Әрине, өндіріс қаласы болған соң, таныстыру жұмысын алдымен әлемге атағы жайылған КарМет комбинатынан бастайтын едік. Ал, бұл ретте комбинаттың партия комитетінің хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрсеткен көмегін айтып жеткізу мүмкін емес. Мен Нұрсұлтан Әбішұлының ойында бейбітшілік пен келісімнің айтулы институтын құру идеясы сол кезде-ақ пайда болып, кейін бұл ой Қазақстан халқы Ассамблеясы түрінде толыққанды жүзеге асырылды ма деп ойлаймын.

Біздің елімізде жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Бұл – ұлы іс! Біз мұны мақтаныш етеміз. Себебі, біз – бір халықпыз, біз – қазақстандықтармыз. Әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшылары Қазақстанда съездерін өткізеді. Мен Теміртау қаласындағы этно-мәдени бірлестіктердің үлкен жұмыстар атқаратынын, олардың өсіп, өркендеп келе жатқанын байқаймын. Осының бәрі – ұлт Көшбасшысының қарымды қамқорлығы мен байыпты басшылығынан деп білемін. Біздер ардагерлер, жастармен жүздесу кезінде елімізде ұлттар достығы қалай қаланғанын, Теміртау қаласындағы өркендеудің қалай басталғанын, өткен жылдары біз қалай және ненің арқасында үлкен жетістіктерге жеткеніміз туралы жиі айтамыз.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясынан пайда болған Қазақстан халқы Ассамблеясы отандастарымыздың туған жеріне, өлкесіне, еліне деген мақтаныш сезімдерін оятады. Соған қарап, сүйікті Отанымызда бейбітшілік пен бірліктің іргесі нығайта түссе екен дейміз.

Нина ВАХИТОВА,

Елбасы серіктесі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button