Ақтоғай

Татулық бесігін тербеткен

    1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесі Ақтоғай ауданында ерекше аталып өтті. Стадион алаңына жиналған халықтың қарасы қалың болып, татулық пен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың, бейбітшіліктің мерекесін ауылдастарымыз шат-шадыман күйде қарсы алды.

Аудан әкімі С.Әбеуова тұрғындарды мерекесімен құттықтап, ізгі ниет, тілегін білдірді. Осы күні мерекеге жиналған қауым мектеп оқушыларының театрландырылған көрінісін тамашалады. Сондай-ақ, қойылым барысында мектеп ұжымы түрлі халықтың билерін билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Ұлт аралық достықты айшықтаған мерекенің сәнін «Тоқырауын толқыны» ансамблі келтірді.

Сонымен қатар, спорттық шаралар ұйымдастырылып, шағын футболдан аудандық турнир өтті.

Меруерт БЕЙБІТҚЫЗЫ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button